Д.Г.Мендиашвили атындағы күрес Академиясының жүлделері үшін Ашық бүкілресейлік турнирінен Павлодар облысының спортшылары жүлдемен оралды, деп хабарлайды Павлодар облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасы.
Красноярск қаласында өткен спорттық додада еркін күрес бөлімінің оқушылары Алма Сурумбетова 69 келі салмақ дәрежесінде 3-орын, Александра Бойко 53 келі салмақ дәрежесінде 5-орын, Тимур Өскенбаев 74 келі салмақ дәрежесінде 5-орын, Талғат Сағитов 125 келі салмақ дәрежесінде жеңіске жетті. Жаттықтырушылар - Ж. Усин, В. Абрамов, М.Цыбанёв.
pavlodarnews.kz