Қазақстан құрамасы жүлдемен оралды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан құрамасы жүлдемен оралды

03.08.2017

Қазақстан құрамасы  23-ші сурдлимпиада ойындарында 7 медаль еншіледі. Халықаралық деңгейле ел намысын қорғаған споршылармен бүгін Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы арнайы кездесті.

Бір алтын, бір күміс және 5 қоланы қоржынға салған майталмандар жалпыкомандық есепте 25-ші орыннан көрінді. Әлемдік додада таэквандодан қарсылас шыдатпаған Шаяхмет Қанапиянов 66 келіге дейінгі салмақта бас бәйгені жеңіп алған болатын.

Естеріңізге сала кетсек, сурлимпиада ойындары шілденің 18-30 аралығында Түркияда өтті. Төртжылдықтың басты бәсекесіне есту қабілеті нашар үш мыңға жуық спортшы қатысқан болатын.

Хабарламаларға жазылу