Павлодарлық «Вдохновение» би ансамблі Ресейден олжалы оралды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарлық «Вдохновение» би ансамблі Ресейден олжалы оралды

04.04.2015
Павлодарлық «Вдохновение» би ансамблі Ресейден олжалы оралды

М. Катаев атындағы Павлодар оқушылар сарайының «Вдохновение» би ансамблі Ресейде өткен балалар байқауынан олжалы оралды, деп хабарлайды рavlodarnews.kz.

Санкт-Петербург қаласында ұйымдастырылған «Будущее планеты» балалар және жасөспірімдер шығармашылығы байқауында аталмыш ансамбль «Эстрадалық би» және «Халық биі» аталымдары бойынша І орынды иеленді. Сондай-ақ, орта топта ансамбль «Халық биі» және «Халықтық-стильді би» аталымдарында ІІ орынға қол жеткізді.

Айта кетейік, шараға Ресей Федерациясының 38 өңірінің ұжымдары қатысты.  Павлодар облысынан 40 жас биші ансамбль жетекшілері Галина Лапухина және Ирина Можейконың жетекшілігімен ел намысын қорғады.

Хабарламаларға жазылу