3 күміс, 2 қола: Пара жеңіл атлеттеріміз Дубайдағы жарыстан жүлдемен оралды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

3 күміс, 2 қола: Пара жеңіл атлеттеріміз Дубайдағы жарыстан жүлдемен оралды

16.02.2024

Пара жеңіл атлеттеріміз де жарап тұр. Дубайда өткен әлемдік Fazza Гран-при жарысында ел намысын қорғаған жігерлі жандар 3 күміс пен 2 қола жүлдемен оралды. Ерлер арасында Дастан Мұқашбеков ядро итеруден 2-ші орын, әйелдер арасында 200 м қашықтыққа жүгіруден Әлия Раева 2-ші орын, найза лақтырудан Гүлбахыт Қайыржанова 2-орынға ие болды. Ерлер арасындағы найза лақтырудан Руфат Хабибуллин 3-ші және 200 м қашықтықты бағындырудан Нәжімеден Төлегенов 3-ші орынды еншіледі. Дубайдағы рейтингілік жарысқа әлемнің 68 мемлекетінен 524 спортшы қатысты. Ал Қазақстан намысын қорғауға барған 14 спортшының 5-уі жүлдемен оралғаны қуантарлық жағдай екенін айта кетейік.


Хабарламаларға жазылу