Бүлдіршіндер бас жүлдемен оралды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүлдіршіндер бас жүлдемен оралды

19.03.2018

«Гүлсәуле» балалар ән-би ансамблі Испанияда және Түркияда өткен конкурста үздік атанып, ата-аналары мен жақындарын қуантты. Классикалық және халық би студиясында 60-тан астам бүлдіршін тәлім алып жатыр. Қазіргі уақытта Наурыз мейрамына орай арнайы концерттік нөмірлер дайындалуда. Осылайша, Астананың әр жерінде өтетін мерекелік шараларда қала тұрғындары мен қонақтарының көзайымы болмақ. Бірталай жетістікке қол жеткізген ансамбль биыл жазда Түркияда өтетін тағы бір халықаралық фестивальге жолдама жеңіп алды.

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу