Алматыда медицина қызметкерлеріне арналған жатақхана ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда медицина қызметкерлеріне арналған жатақхана ашылды

29.12.2014
Алматыда медицина қызметкерлеріне арналған жатақхана ашылды

Бүгін Алматы қаласында 138 медицина қызметкеріне жатақхана кілті табысталды. Жатақхана Алатау ауданында орналасқан. Ғимараттың ашылу салтанатына қала әкімі Ахметжан Есімов қатысты. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

«Соңғы жылдары денсаулық сақтау саласына қатысты 18 нысан салынды. Жыл сайын бұл саланы қаржыландыру көлемі ұлғайып келеді. Биыл медицина қызметкерлерінің күніне орай, тағы да 1 миллиард теңге бөліп отырмыз», - деді қала әкімі.

Сондай-ақ, Ахметжан Есімовтің айтуынша, тұрғын үймен қамтамасыз ету бағдарламасы бойынша 54 дәрігерге жаңа пәтердің кілті табысталған.

«Біздің қолдау көрсетуіміз өз нәтижесін беріп отыр. Тұрғындардың денсаулығы жақсарып келеді. Денсаулық сақтау көрсеткіші бойынша Алматы үздік нәтиже көрсетуде»,- дейді әкім.

Сөз соңында Ахметжан Есімов қала тұрғындарын Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.

Хабарламаларға жазылу