Сахна саңлағы Сәбит Оразбаев – 90 жаста
Алматыда қазақ театр өнерінің абызы, сахна саңлағы Сәбит Оразбаевтың 90 жасқа толуына орай салтанатты шара өтті.
Ел руханияты үшін өлшеусіз еңбек еткен дара тұлғаны құттықтау үшін театр майталмандары бастаған өнерсүйер қауым жиналды. Салтанатты кеште бар өмірін театрда өткізген халық әртісі сахна төріне жайғасты. Шарада өнер иесінің өнегелі ғұмыры мен сахнадағы сүбелі жолы ұлықталып, Президенттің құттықтау хаты оқылды. Тарихы тереңге жайылған қара шаңырақ – М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрында еңбек еткен қайраткер – қазақ театр өнерінің биік болмысын қалыптастырған бірегей тұлғалардың бірі. Сәбит Оразбаев қазақ және әлем классикасындағы, заманауи драматургиядағы жүзден астам күрделі образды сомдап, актерлік шеберліктің биік үлгісін көрсетті, дейді жиналғандар.
Еркін Жуасбек, М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының директоры:
Сәбит Оразбаев кәсіби актерлік мектептің шарықтау биігіне жеткен жан. Өзінің биігіне көтеріле білу - бұл ешқандай басқа тылсым емес, бұл тек қана өз мамандығының шебері екенінің анық дәлелі. Оның қай рөлін айтсақ та, қай атқарған ісін айтсақ та, келешек ұрпаққа үлкен тәрбиелік мәнің бар шара деп ойлаймын.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы