Сенат мемлекеттік қызмет және жануарларды қорғау туралы заңдарды қарап жатыр
Парламент Конституцияның жұмысын жүргізуге бағытталған заң жобасын қарауға кірісті. Кеше ғана Мәжіліс құжаттарды жұмысқа алып, бірлескен комиссияға мүше болатын депутаттарын сайлаған. Бүгін Сенат өз тарапынан депутаттарын ұсынып жатыр.
Оңғар Алпысбайұлы, тілші:
Бүгін Сенатта қоғам үшін өзекті бірнеше заң жобасы қаралады. Соның бірі – жануарларға жауапкершілікпен қарау мәселесіне қатысты түзетулер. Бұл құжат бұған дейін Мәжілісте де қоғам арасында да қызу талқыланғаны есте. Негізгі өзгерістер жануарларға қатыгездік үшін жауапкершілікті күшейтуге, сондай-ақ үй жануарларын есепке алу мен бақылау тетіктерін жетілдіруге бағытталған. Сарапшылар бұл нормалар иесіз жануарлар мәселесін жүйелі түрде шешуге ықпал етеді деп отыр. Күн тәртібіндегі тағы бір маңызды блок – мемлекеттік қызметке қатысты заңдар. Атап айтқанда, «Мемлекеттік қызмет туралы» заң және осы салаға өзгерістер енгізу жөніндегі түзетулер қаралады. Бұл бастамалар мемлекеттік аппараттың тиімділігін арттыруға, кадрлық іріктеуді жетілдіруге және меритократия қағидаттарын нығайтуға бағытталған. Айта кету керек, ұсынылып отырған өзгерістердің бірқатары бұған дейін де қаралады, сондықтан депутаттар тарапынан қосымша ұсыныстар мен пікірлер айтылатыны анық. Жалпы, бүгінгі отырыста талқыланатын мәселелер мемлекеттік басқару сапасы мен қоғамдағы жауапкершілік мәдениетін арттыруға бағытталған.
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Гуманоид робот жүгіруден Усейн Болттың рекордын жаңартты
25.08.2026, 10:09
Оралда кәсіпкерлер үш жаңа саябақ салып берді
25.08.2026, 10:07
Елде автосақтандыру жүйесі өзгереді
25.08.2026, 10:06
Тұрғындар пікірі: Халықтық Конституция қоғамның жаңа бағытын айқындайды
25.08.2026, 10:05
Халықтың жартысына жуығы спортпен тұрақты айналысады
25.08.2026, 10:05
Боливияда қар борап, әуе рейстері доғарылды
25.08.2026, 10:03
Вашингтон Тегеранға қарсы ауқымды санкция жариялады
25.08.2026, 10:02
Ішкі сауда көлемі өсіп келеді
25.08.2026, 10:02