2014 жылдың көктемінде VII Астана экономикалық форумы өтті. Шараға әлемнің әр түкпірінен 15 мыңнан астам делегат келген еді.
«GrameenBank» -тің негізін қалаушы, Нобель сыйлығының 2006 жылғы иегері, профессор Мухаммад Юнус Астана экономикалық форумы туралы пікір білдірді.
Оның айтуынша, Азия мемлекеттерінің ешбірі мұндай форумды дәл осындай жоғары дәрежеде өткізбеген.
«Әлемдік мәселелер мен сұрақтарды шешу мақсатында әлем елдерінің өкілдері, әсіресе, әлемдік саяси көшбасшыларды бір жерге жинау өте маңызды. Мұны уақыт өткен сайын шетелдік қатысушыларға тартымды болып келе жатқан Астана экономикалық форумы көрсетіп отыр. Айта кету керек, Азия мемлекеттерінің арасында ешбір ел мұндай форумды дәл осындай жоғары дәрежеде өткізіп көрмеген. Бұл әрине, ҚР Президентінің еңбегі»,-деді профессор.
«Мен әлем елдерінің делегаттары осы форумға қатысқанына тәнті болдым. Батыс пен Азия елдері бір-бірінің көзқарастарымен, қызығушылықтарымен, пікірлерімен бөлісе алатын мұндай форумдар бізге керек-ақ»,-дейді Мухаммад Юнус.