НАТО саммиті қарсаңында қауіпсіздік күшейтілді
7-8 шілде күндері Түркия астанасы Анкара қаласында НАТО лидерлерінің саммиті өтеді. Халықаралық маңызды жиын қарсаңында шахарда қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Қала көшелеріндегі қауіпсіздікті сақтауға 40 мыңнан аса полиция мен әскери жұмылдырылды. Бұдан бөлек Анкара аспанын қорғау үшін НАТО мен Түркияның әуе қорғаныс жүйелері, сондай-ақ Ф-16 жойғыш ұшақтары сақадай-сай. Саммит өтетін күндері қаланың орталығындағы көшелер толық жабылады. Сондай ақ қаладағы бірнеше ауданның мемлекеттік және бюджеттік мекеме қызметкерлері демалысқа жіберіледі. НАТО саммитіне АҚШ Президенті Дональд Трамп Еуропа елдері басшыларын қосқанда барлығы 32 елдің мемлекет және үкімет басшылары қатысады.
Автор
Айдос Әшімұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Энергетиктің әсері мен әлегі
22.11.2026, 20:30
Шоттан шыққан сот: 400 дроппер түрмеде отыр
22.11.2026, 20:22
Шекарасыз әлемге шектеу
22.11.2026, 20:16
Құрылыс қарқынына отандық өндіріс ілесе ала ма?
22.11.2026, 20:10
Қазақстан Орталық Азияның академиялық хабына айнала ма?
22.11.2026, 20:04
Ауыл еңбеккерлері – елордада
22.11.2026, 20:02
Халықтық құрылыс өңірлердің өркендеуіне серпін бермек
22.11.2026, 10:03
Құрылтай бірқатар маңызды заң жобасын қарап жатыр
22.11.2026, 10:00