Ақтөбеде стадион құрылысы басталды
Ақтөбеде 35 мың жанкүйер сыятын стадионның құрылысы қарқын алды. Халықаралық деңгейдегі нысан шаһардың «Алтын орда» ауданында салынып жатыр. Құрылысқа түркиялық компания жауапты. Олар бұған дейін әр түрлі елде жиырмаға жуық стадион салған. Яғни, тәжірибе жеткілікті. Қазір мұнда152 адам жұмыс істеуде. Алдағы уақытта жұмыс көлеміне қарай мамандар саны да көбейеді. Құрылыс жұмыстарының ең қызған кезінде 700 адамға дейін жетеді. Биыл нысанның монолиттік жұмыстарының негізгі бөлігі аяқталып, темірбетон қаңқасы тұрғызылады. Жоспар бойынша 34 мың 980 көрерменге арналған стадионның құрылыс-монтаж жұмыстары толықтай келер жылдың соңында аяқталуы керек.
Фатих Татлыпаям, құрылыс компаниясының өкілі:
Біздің ең ірі жобамыз – Анкарадағы стадион. Оның құрылысы биылғы қыркүйек айында аяқталады. Қазір Ақтөбедегі нысанның құрылысын жүргізіп жатырмыз. Іргетасын құю және бетондау жұмыстары атқарылып, бағаналары монтаждалуда. Үшінші блокта монолиттік жұмыстар жалғасып жатыр, ал бесінші блок толықтай бетон құюға дайын.
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16