Ішкі жан-сезіміңді қылқаламның көмегімен ақ қағаз бетіне өрнектеп, сол арқылы ойын жеткізу, сезімін білдіру, қоғамға ой салу – құдіреттілік. Сурет өнері кез-келген адамға дари бермес қасиет.
Ал, сурет-өнер туындысы – әрі тарих, әрі өміршең өнердің бірі. Суретші – сол шексіз тарихтың бір сәтін ұзақ уақытқа «тоқтата» алған шебер.
Мұндайды қазақ «Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді» дейді ежелден.
Өйткені, әрбір суретшінің, әрбір картинаның өзіндік алған бағасы, өзіндік тарихи мәні, ұрпақ қажеттілігіне жарарлық құндылығы бар.
Сурет өнерінің дамуына күш салып, суретші жастарға жол ашып, галерея ұйымдастырған маңғыстаулық кейіпкерлер бүгін 21.05-те «Айтуға оңайда».