Астанада корей қылқалам шеберлерінің көрмесі жалғасуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада корей қылқалам шеберлерінің көрмесі жалғасуда

27.06.2014
Астанада корей қылқалам шеберлерінің көрмесі жалғасуда
Қазақстан мен Корея арасындағы рухани байланыс бекем. Астанада корей қылқалам шеберлерінің «Адамдар» атты көрмесі жалғасуда.
 
Жалпы, көрме үш бөлімнен тұрады. Бірінші және екінші бөлімде корей түбегінің халқы мен қазақ даласына жер аударылғандар тағдырын бейнелейтін туындылар қойылған.
 
Ал, үшінші бөлімде уақыт пен кеңістікті жеңетін бірлік пен татулық тақырыбындағы картиналар ұсынылған.
 
Естеріңізге сала кетейік, бұл көрме Корея Республикасының президенті Пак Кын Хе ханымның елімізге жасаған ресми сапары аясында ашылған болатын.
 
Мён Чже Ви, Корей мәдени орталығының директоры:
Орталық Азияда, Корей түбегінде сондай-ақ, Қазақстан мен Өзбекстанда тұратын корейлердің бейнесі арқылы біз жалпы корей халқының тұрмысы мен мәдениетінің әралуандығын көрсетуге тырыстық. Бағасын көрермен берер.
 
Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу