Астаналық суретшілер шығармаларын көпшілік назарына ұсынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астаналық суретшілер шығармаларын көпшілік назарына ұсынды

02.03.2016
Астаналық суретшілер шығармаларын көпшілік назарына ұсынды
Алғыс айту күнін қылқалам шеберлері осылай атап өтті.

Алғыс айту күнінде астаналық суретшілердің шығармашылық басқосуы өтті. «Бірлік түбі – береке» деп аталған шара барысында экспресс-көрме ұйымдастырылып, қылқалам шеберлерінің түрлі жанрдағы туындылары көпшілік назарына ұсынылды.

Суретшілер елімізде тұңғыш рет тойланып жатқан мерекеге осылайша үн қосып, оның мән-маңызын көркем сурет тілімен ұғындыруға ұмтылған. Көрмеден соң олар дөңгелек үстел басында жиналып, бейнелеу өнерінің бүгінгі беталысын, жай-күйін сөз етті.

Гүлжазира ҒАЛИҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу