«Жырлаймын туған елімді» жыр байқауының кезекті қатысушысы – Қостанай қаласының тұрғыны Мешіт Ғазизұлының өлеңі – «Елбасы кепіліндей ертеңімнің». Ал, Қарағанды қаласының тұрғыны Гүлден Түсіпованың өлеңін толығырақ «Таңшолпаннан» тыңдай аласыздар.
Қазағым, биік тұрар шоқтық атың,
Тағдырың намысымды шоқ қылатын.
Алаулап желтоқсанның таңы атты,
Ерекше ел жүрегін соқтыратын.
Тарихың дариядай ағысы кең,
Заманмен құлагердей жарысып ең,
70 жыл Батыраштар мерт қылса да,
Жастарың алып шықты намысымен.
Намыстан бойымызға қайрат толып,
Ерлігі болды әлемге айғақ толық
Есімі өшпеу үшін жадымызда
Сөйлейміз Ләззат болып, Қайрат болып.
Назындай лаулаған ерке гүлдің,
Сырымды жырымменен шерте білдім.
Барыстай бағдарлаған болашағын,
Елбасы – кепіліндей ертеңімнің!