Бүгінде еліміз бойынша 2563 мешіт бар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгінде еліміз бойынша 2563 мешіт бар

06.05.2018

Рамазан айының басталуына 10 күн қалды. Бүгінде еліміз бойынша 2563 мешіт бар.

Ал, Астанада аспанмен астасып 9 мешіт асқақ тұр. Ең алғашқысы – 1996 жылы ашылған 1600 орындық Сәудақас қажы Ғылмани атындағы мешіт. Одан кейінгілері -15 мың жан сиятын «Әзірет Сұлтан» мешіті. «Нұр Астана» мешіті 10 мың адамға арналған. 1500 орындық «Әлжан ана» мешіті. 800 адамға арналған «Әл-Ғани» мешіті. 2 мың орындық «Төлебай» мешіті. 700 орындық Кунта қажы атындағы мешіт. 800 адамға лайықталған «Әс-Салам» мешіті және күні кеше Елбасы барған 750 орындық «Ырыскелді қажы» атындағы мешіт. Бұл құлшылық үйі келесі аптаның жұмасында ресми түрде есігін елге айқара ашады. 

Астанадағы «Әзірет Сұлтан» мешіті сыйымдылығы жағынан әлемде теңдесі жоқ мешіттердің көш басында болса, Керекудегі мың жарым адамға арналған «Мәшһүр Жүсіп» мешіті жаһандағы ең көрікті 10 мешіттің қатарына кіреді. 7 мың намазхан еркін сиятын Шымкент қаласының қақ ортасындағы Орталық мешіт те қазақы нақышта салынған сәні мен сәулеті келіскен құлшылық үйі саналады.

Мейіржан ӘЛІБЕК

«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу