Иса Ақбербаев кениялық боксшыны техникалық нокаутпен жеңді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Иса Ақбербаев кениялық боксшыны техникалық нокаутпен жеңді

02.06.2014
Иса Ақбербаев кениялық боксшыны техникалық нокаутпен жеңді
IBO Intercontinental чемпионы, қазақстандық боксшы Иса Ақбербаев (11-0, 7 КО) Ресейдің Мытищи қаласында кениялық Моррис Околамен жұдырықтасты.  
 
Қазақстандық боксшының қарсыласы бесінші раундта алған нокдауннан кейін алтыншы раундқа шыққан жоқ. Сол себепті техникалық нокаут есептелді.
 
Бұл жеңістен кейін Иса Ақбербаев кәсіпқой шаршы алаңдағы 12-ші жеңісіне қол жеткізді.

Хабарламаларға жазылу