Астанада Қазақстанның Тұңғыш Президентi - Елбасының кiтапханасында Нұрсұлтан Назарбаевтың қазақ тiлiнде басылып шыққан «Таңдамалы сөздер» жинағы көптомдығының тұсаукесер рәсiмi өттi, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Таңдамалы сөздер» атты 7 томдық жинақ 9 кiтаптан тұрады. Жинақты ҚР Президентi Кеңсесiнiң басшысы Махмұд Қасымбеков бастаған редакциялық топ құрастырды.
«Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың әр жылдары үлкен форумдарда сөйлеген сөздерi мен баяндамаларының барлығын жинақтап, оны қазақ тiлiне толығымен аударып, таңдамалы ретiнде 9 кiтап басып шығардық. Нұрсұлтан Әбiшұлының 1989 жылы Қазақстан Компартиясының бiрiншi хатшысы болып келгеннен бастап, 2013 жылға дейiнгi сөйлеген сөздерiнiң барлығы жинақталып, осы кiтаптарға енді. Бұл кiтаптардағы сөздер мен баяндамаларды, жолдаулар мен мақаларды iс жүзiнде ел тәуелсiздiгiнiң шежiресi деп айтуға болады», - дейдi Махмұд Қасымбеков.