Бүгін Алматыдағы Ұлттық кітапханада жазушы Герольд Бельгердің «Таңдамалы» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті. Бұл - белгілі жазушының 75-ші кітабы, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Тұсаукесерге мәдениеттанушы, қоғам қайраткері Мұрат Әуезов, жазушы, Ұлттық кітапхананың бас директоры Әлібек Асқар, жазушы, аудармашы Берік Жылқыбаев, жазушы Дулат Исабеков, ақын Ұлықбек Есдәулет, Бақытжан Қанапьянов, ЖОО студенттері қатысты.
Жаңа туындыда автор қазақтың көп қырлы өмірі мен ресейлік немістердің азапты жолын суреттеген.
Кітапта әңгімелер, эсселер, эскиздер мен этюдтер топтастырылған.
Шара аясында, сондай-ақ, Ұлттық кітапхана қорынан автордың шығармашылығына арналған «Герольд Бельгер» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Айта кетейік, жаңа басылым «Рауан» баспасында жарық көрді.