«Тіл - парасат» байқауында алматылық студент топ жарды (ФОТО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Тіл - парасат» байқауында алматылық студент топ жарды (ФОТО)

08.12.2014
«Тіл - парасат» байқауында алматылық студент топ жарды (ФОТО)

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тіл комитеті мен Қазақстанның орыс қауымының бірлесе ұйымдастыруымен өткен «Тіл – парасат» республикалық байқауында алматылық Айша (Ольга) Сергеевна І орынды жеңіп алды.

Ол - Алматы университеті тарих факультетінің ІІ курс студенті.

Байқау мемлекеттік тілді жетік меңгерген орыс жастары арасында осымен сегізінші рет ұйымдастырылып отыр.  

Мақсат - мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, тілге құрметпен қарауды қалыптастыру және  тіл мәдениеті деңгейін  арттыру.

Шараға 14-22 жас аралығындағы 16 үміткер қатысты.

 

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, Алматы Университеті Күндізгі оқу бөлімінің деканы

Хабарламаларға жазылу