Спорттық гимнастика. Қазақстан ерлер құрамасы 9-шы орында - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Спорттық гимнастика. Қазақстан ерлер құрамасы 9-шы орында

21.09.2014
Спорттық гимнастика. Қазақстан ерлер құрамасы 9-шы орында

Бүгін Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында спорттық гимнастиканың шеберлері сынға түсті.

Ерлер бәсекесіндегі командалық жарыста Жапония спортшылары (355,475 ұпай) топ жарды. Жарыс қожайындары – Оңтүстік Корея спортшылары (350,875 ұпай) күміс медальді еншіледі. Ал, қол жүлде Қытай құрамасына (350,300) бұйырды.

Қазақстан құрамасы 318,575 ұпаймен бұл жарыста 9-шы орыннан көрінді. Сайысқа Нұрбол Бабылов, Әзизбек Кұдіретоллаев, Степан Горбачев, Ильи Корнев және Максим Петришко қатысты.

 

Фото: blrsport.com

Хабарламаларға жазылу