Өскемендік өнерпаздар «Ғұмырдария» байқауында топ жарды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өскемендік өнерпаздар «Ғұмырдария» байқауында топ жарды

18.04.2014
Өскемендік өнерпаздар «Ғұмырдария» байқауында топ жарды
Өскемендік жас өнерпаздар Алматы қаласында өткен респубикалық «Ғұмырдария»байқауында топ жарды. Балалар мен жасөспірімдер арасындағы өнер додасы биыл 5-ші жыл қатарынан ұйымдастырылып отыр.
 
Қатысушылар еліміздің барлық өңірінен жиналды. Шығыс Қазақстаннан бұл байқауға Өскеменқаласындағы №45 бейімделген орта мектеп оқушылары барды. Жас таланттар халық және эстрада әндерін орындап, өз аталымдарында жеңімпаз атанды.
 
Жалпы, бұл мектептен Алматыға «Ару қыздар» деп аталатын әншілер тобы, екі жеке орындаушы және бір көркемсөз оқушы барған болатын. Олар Болгария елінде өтетін халықаралық ән байқауына қатысуға  шақырту алып отыр. Енді оқушылар осы шараға қызу дайындық жүргізбек.
 
Әсел Қанапина, № 45 орта мектептің мұғалімі:
Барлығымыз олжамен қайттық. Бұл - біз үшін үлкен жетістік.
 
Сабина Садықова, байқауға қатысушы:
Болгарияға жолдама алдық. Шілде айының ортасына дейін дайындаламыз.
 
Берік КӨШЕРБАЕВ

Хабарламаларға жазылу