Азия ойындарының шығармашылық байқауында қазақстандық оқушы топ жарды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Азия ойындарының шығармашылық байқауында қазақстандық оқушы топ жарды

22.10.2014
Азия ойындарының шығармашылық байқауында қазақстандық оқушы топ жарды

Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өткен ХVІІ Азия ойындарында ұйымдастырылған шығармашылық байқауда екібастұздық Дінмұхаммед Жапанов бірінші орынды иеленді, деп жазады pavlodarnews.kz.

«Менің Азиадам» тақырыбындағы сурет байқауына 45 елден балғындар қатысты. Солардың қатарындағы Д. Жапанов озық шығып, жеңімпаз атанды.

Сондай-ақ, Дінмұхаммед Инчхондағы 47 мың адамға арналған стадионның төрінде қара жорға биін билеп, шетелдіктерге елімізді танытты.

Айта кету керек, Дінмұхаммед Жапанов Екібастұз қаласындағы С. Торайғыров атындағы мектеп-интернатында 10 сыныбында оқиды.  

Хабарламаларға жазылу