Талдықорғандық оқушылар Сочиде өткен робототехника Олимпиадасында 3-орынға ие болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талдықорғандық оқушылар Сочиде өткен робототехника Олимпиадасында 3-орынға ие болды

08.12.2014
Талдықорғандық оқушылар Сочиде өткен робототехника Олимпиадасында 3-орынға ие болды

Талдықорғандық оқушылар құрастырған робот-гироскоп Сочидегі робототехника бойынша бүкіләлемдік Олимпиадада 3 орынға ие болды, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Робототехника пәнінің мұғалімі Николай Авдюнин айтқандай, бұл жоба бойынша ол 8-сынып оқушысы  Ратмир Сартбаев пен 9-сынып оқушысы  Бек Талғат екеуімен бір жылдан астам жұмыс жасаған. Алғашқы нұсқасын республикалық байқауда көрсеткен, кейін бұл роботты жетілдірген.

«Біздің робот-гироскопымыз ғарыш станциясының тұрған жерін бір сантиметрге дейінгі дәлдікпен түзеп, Күн энергиясын алу үшін фотоэлементтерді қажетті ракурсқа бағыттау үшін оны бұра алады», - дейді жас өнертапқыштар Ратмир Сартбаев пен Бек Талғат.

Хабарламаларға жазылу