«Like Kazakhstan In Sochi» акциясы аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Like Kazakhstan In Sochi» акциясы аяқталды

27.02.2014
«Like Kazakhstan In Sochi»  акциясы аяқталды
 
ХХІІ Қысқы Олимпиада ойындарында жерлестеріміз 1 қола жүлде ұтып, жалпы есепте 26 орынға ие болды. Дәл осы кезде елімізде «Халықарлық бағдарламалар» АҚ ел намысын қорғап жүрген спортшыларымызды қолдау мақсатында «Like Kazakhstan In Sochi» акциясын ұйымдастырған болатын.
 
Шараға қатысушылар суретке түсіп әлеуметтік желі арқылы Сочиде жүрген саңлақтарымызға қолдау көрсетті. Бүгін сол шараның қорытындысы жарияланды. Арнайы өткен баспасөз мәслихатында үздік деп танылған он орынға арнайы сыйлықтар мен мақтау қағаздары тапсырылды.

Хабарламаларға жазылу