«Жетісу» волейбол клубы Азия чемпионатында бесінші орынды иеленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Жетісу» волейбол клубы Азия чемпионатында бесінші орынды иеленді

22.09.2015
«Жетісу» волейбол клубы Азия чемпионатында бесінші орынды иеленді

Волейболдан талдықорғандық «Жетісу» клубы Вьетнамда өткен әйелдер арасындағы клубтық Азия чемпионатында бесінші орынға табан тіреді. Топтық кезеңде үшінші орын алған жерлестеріміз ширек финалда жапониялық «Хисамицу Спрингс» клубынан 0:3 есебімен жеңілді.

Бесінші орын үшін өткен ойында жерлестеріміздің командасы бірінші филиппиндік клубты ұтса, соңғы сайыс күні Қытай волейболшыларын ұтып, 5-орын иеленді.

Рустам  БАЙДӘУЛЕТ

Хабарламаларға жазылу