Қазақстандық оқушылар робототехника бойынша дүниежүзілік чемпионатында үш беделді марапатқа ие болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық оқушылар робототехника бойынша дүниежүзілік чемпионатында үш беделді марапатқа ие болды

24.04.2023

Қазақстандық оқушылар FIRST World Championship Дүниежүзілік чемпионатында бірден үш номинацияға қол жеткізді. АҚШ-тың Хьюстон қаласында Робототехникадан өткен жарысқа 6 жастан 18 жасқа дейінгі үш санат бойынша қатысқан жас өрендер жоғары марапаттарға ие болды. Айта кетейін робототехника бойынша Бүкіләлемдік чемпионатқа 110 елден, 36 мыңдай бала қатысты. Ел намысын барлығы 50-ге жуық оқушы қорғады.

Хабарламаларға жазылу