Еркеш Шәкеев биыл да «Песня года» фестивалінің лауреаты атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еркеш Шәкеев биыл да «Песня года» фестивалінің лауреаты атанды

07.12.2014
Еркеш Шәкеев биыл да «Песня года» фестивалінің лауреаты атанды

Қазақстандық композитор, ақын Еркеш Шәкеев биыл да Ресейдегі «Песня года» музыка фестивалінің лауреаты атанды. Композиторға лауреат дипломы А`Студио тобының орындауындағы «Душа» әнінің музыкасы мен өлеңі үшін берілді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Айта кету керек, ол 1995 жылы «А`Студио» тобының орындауындағы «Нелюбимая» әні үшін жылсайынғы ресейлік телефестивальдің лауреаты болған еді. Ал, 2006 жылы Лайма Вайкуленің орындауындағы «Мартовский вечер» әні үшін «Песня года» жүлдегері болды. 

Сондай-ақ,  2010 жылы «А`Студио»-ның орындауындағы «Fashion girl» әні Шәкеевті тағы да «Песня года» фестивалінің  лауреаты етті. Ал, 2013 жылы оған лауреат дипломы Ани Лорак орындаған «Зажигай сердце» әні үшін берілді. 

«Песня года» фестивалі – Мәскеуде тұңғыш рет 1971 жылы өткен Ресейдегі ең көне де беделді музыка фестивальдерінің бірі. 

ФОТО: artparovoz.kz

Хабарламаларға жазылу