«Айгүл» ансамблінің жаңа ән жинағы жарыққа шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Айгүл» ансамблінің жаңа ән жинағы жарыққа шықты

30.09.2014
«Айгүл» ансамблінің жаңа ән жинағы жарыққа шықты

Қыздар университетінің «Айгүл» вокалды-аспаптық ансамблі 70 жылдық мерейтойға тарту ретінде «Қазақтың ару қыздары» атты ән жинақ шығарды.  Бұл туралы аталған ЖОО баспасөз қызметінен хабарлады.

Альбом ҚазМемҚызПУ ректоры Д.Ж.Нөкетаеваның қолдауымен шыққан.

Альбомға ансамбль репертуарындағы қазақ композиторларының 9 әні кірген. Оның ішінде «Қазақтың ару қыздары», «Үшқоңыр», «Тек қана қыздар» сынды әндер бар.

 «Айгүл» ансамблінің ізбасарлары атанып жүрген жаңа толқынның да жеткен жетістіктері аз емес.

Ансамбль 2009 жылы «Алтын дауыс» фестивалінің, 2010 жылы Түркия елінің Адана қаласында өткен «Түркі әлемі» фестивалінің лауреаты атанса, 2011 жылы «Алтын микрафон» конкурсының және «Nauryz jam» жастар фестивалінің жүлдегерлері.

 

Хабарламаларға жазылу