Астанада «The Planet of ART» гала-концерті өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «The Planet of ART» гала-концерті өтті

08.06.2023

Астанада ЮНЕСКО аясындағы «The Planet of ART 2023» Халықаралық жастар фестивалінің гала-концерті өтті. Ауқымды шараға Әзербайжан, Қырғызстан, Тәжікстан, Ресей, Өзбекстан және Қазақстаннан 5 мыңнан аса өнерпаз қатысты. Ең үздік деген 50-ге жуық жас талант іріктеліп, елордаға келген. Олардың жас айырмашылығы 12 мен 18-дің арасы. Биылғы фестивальдің ерекшелігі – заманауи өнерді жастар тілінде ұсыну. Сонымен қатар концерт барысында қазақстандық композиторлар мен хореографтардың шығармашылығы барынша қамтылған.

Болат Ақшолақов,  ҚР Президентінің кеңесшісі:

Фестивальді бұрын Алматы не Астана қаласында өткізетінбіз. Бірақ соңғы екі жылда өңірлерге жеткізіп жүрміз. Былтыр Ақтөбе облысында, биыл Павлодар облысында болса, гала-концертті бүгін елордада өткізіп жатырмыз.

Азамат Бейбітұлы



Хабарламаларға жазылу