Астанада Мүслім Әмзенің «Аңсау» атты кеші өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада Мүслім Әмзенің «Аңсау» атты кеші өтеді

10.11.2014
Астанада Мүслім Әмзенің «Аңсау» атты кеші өтеді

14 қараша күні Астанада Нұрғиса Тілендиев атындағы академиялық фольклорлы-этнографиялық «Отырар сазы» оркестрінің дирижері Мүслім Әмзенің «Аңсау» атты концерттік кеші өтеді. 

Кешке Қазақстанның Еңбек сіңірген өнер қайраткерлері Жанғали Жүзбай, Еркін Шүкіман қатысады. Сонымен қатар, халықаралық және республикалық байқаулардың жүлдегерлері өнер көрсетеді, деп күтілуде.

Шара  Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің қолдауымен ұйымдастырылмақ.

Хабарламаларға жазылу