Алматыда «Мұқағали» атты поэзия кеші өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда «Мұқағали» атты поэзия кеші өтеді

06.02.2015
Алматыда «Мұқағали» атты поэзия кеші өтеді

10 ақпанда ақиық ақын өмірі мен өлеңдеріне негізделген театрландырылған қойылым – поэзия кеші өтеді.

Мұқағали ақынның рөлінде Бауыржан Қаптағаев,  Тиын әже рөлінде Ғазиза Әбдінәбиева, ақынның жары Лашын рөлінде Зәуре Көпжасарова ойнайды.

Театрдың жас әртістері ақынның өлеңдерін оқиды. «Есіңе мені алғайсың», «Бала ғашық», «Ұнатамын мен сені», «Сөнбейді, әже, шырағың»  атты ел аузында кең таралған әндер орындалады. 

Режиссеры – Мемлекеттік Жастар сыйлығының лауреаты, актриса Нұржан Бексұлтанова. Қойылым суретшісі – Ерлан Тұяқов.

Кештің басталуы – 18:30-да.

Хабарламаларға жазылу