Қайсар Қауымбек: «Атажұрт» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қайсар Қауымбек: «Атажұрт»

04.12.2014
Қайсар Қауымбек: «Атажұрт»

«Таңшолпан» ақпаратты-сазды бағдарламасы ұйымдастырған «Жырлаймын туған елімді» атты жыр додасының кезекті қатысушысы – Алматы қаласының тұрғыны Қайсар Қауымбек.

«Атажұрт»

Айбарлы ата жауымның есігінде өсіп,

Жетімім қаңғып жоғалған, жесірім босып,

Бетімен кеткен бүлініп, бесігін кесіп,

Түзелмей кетті-ау, қазақтың осы бір көші.

Сары нар таққан сол көштің бұйдасы қалған,

Сұңқылдап барып басталды күй басы – зардан.

Сары өзен жақта ғұндардың қу басы қалған,

Самарқанд жақта сақтардың сырласы қалған.

Айдаһар басты ата жау қылышын бұлғап,

Үш жүзім құрған шайқалтты, ұлысымды ырғап,

Әуелгі қалған ұл-қызым, туысым қымбат,

Тәуелді болған тізгінім, құрысын бұл бақ.

Оң иығыма күн сүйген қыранымды алдым,

Сол иығыма құл сүйген Құранымды алдым,

Қозғап бір келем қайғысын бұла қырлардың,

Боздап бір келем үстінде құла құмдардың.

Көкбөрі текті тұқымы ем, бағзы Көктің,

Көктегі Күн, Ай куәсі жазығы жоқтың,

Көк Туым сені көрдім де, қазығым еттім,

Тәңірім өзің қолда, деп тағзым еттім.

Астана қаласының тұрғыны Айдана  Сегізбаеваның «Туған жер» атты өлеңін «Таңшолпаннан» тыңдай аласыздар.

Хабарламаларға жазылу