Нұрлан Еспанов: Балалар мені «Күлегештер әні» деп айналып жүреді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұрлан Еспанов: Балалар мені «Күлегештер әні» деп айналып жүреді

03.12.2014
Нұрлан Еспанов:  Балалар мені «Күлегештер әні» деп айналып жүреді

Бүгін Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, әнші Нұрлан Еспанов «Таңшолпан» бағдарламасында қонақта болды. Бағдарламада әнші шығармашылығындағы жаңалықтарымен бөлісті.

«Бүгінде балалардың жұмысымен айналысудамын. «Балапан» телеарнасынан көрсетілген «Ертегілер елінде», «Қанатты барыс», «Қошқар мен теке» сияқты мультфильмдердің музыкасын жаздым. «Күлегештер» әнін де жазған едім. Қазір көптеген жерге барсам,  балалар шыршаның жанында айналғандай, мені «Күлегештер әні» деп айналып жүреді», - дейді ол.

Сондай-ақ, Нұрлан Еспанов бағдарлама барысында  Кореяға сапары туралы да айтты.

«EXPO-ға қатысты сапармызды Бейжіңнен бастадық. Содан кейін Кореяның үш қаласында болдық. Мен онда медициналық форумдарды жүргіздім. Бос уақытымда студияларын да араладым», - дейді ол.

Әншінің Кореядан алған әсерін «Таңшолпаннан» тыңдаңыз.

Хабарламаларға жазылу