«Дала дауысы» радиофестивалінің жеңімпаздары марапатталды (ФОТО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Дала дауысы» радиофестивалінің жеңімпаздары марапатталды (ФОТО)

28.11.2014
«Дала дауысы» радиофестивалінің жеңімпаздары марапатталды (ФОТО)

Бүгін Астанадағы «Қазмедиа орталығының» киноконцерт залында Қазақ радиосының төл жобасы – ІІІ Халықаралық «Дала дауысы» радиофестивалінің гала-концерті өтті. Салтанатты шарада «Дәстүрлі ән», «Академиялық орындаушы», «Эстрадалық ән», «Этноэстрадалық ән», «Жаңа есім» аталымдары бойынша ән додасында бақ сынап, жеңімпаз атанған 20 орындаушы марапатталды.

Айта кетейік, «Дала дауысы» – қазақ музыкасы арқылы ана тілімізді әлем халықтарының арасында барынша насихаттайтын радиофестиваль. Алғаш 2012 жылы басталған болатын.

Мақсат - қазақ әнінің замануи бәсекеге қабілетті төлтумалық дыбысын насихаттау, жылдың үздік әндерін анықтау және жаңа таланттарды табу, ұлттық музыкалық және поэтикалық тілді насихаттау, сіңіру.

Биыл радиофестивальге Қытай, Ресей, Украина, Беларусь, Татарстан, Қырғыз Республикасы, Латвиядан орындаушылар қатысты.

«Дала дауысының» іріктеу турынан өткен әрбір шығарма Қазақ радиосының эфирі мен www.daladauysy.kaztrk.kz сайты арқылы тарады.

«Дала дауысы» радиофестивалінің лауреаттары:

«Дәстүрлі ән» және «Академиялық орындаушы» аталымы бойынша

Гүлмарс Аманбаева - «Қамшыгер»

Қайрат Кәкімов - «Үлкен айдай»

Ардақ Исатаева - «Інжу-маржан»

Сәбит Дабылов - «Құмарын тарқат алқаның...»

Бибігүл Жанұзақ пен Нұрғали Тұрлыбеков - «Назқоңыр».

«Эстрадалық ән» және «Этноэстрадалық ән» аталымы бойынша:

Әли Оқапов - «Биле»

Алтынай Жорабаева - «Перзент парызы»

Маржан Арапбаева - «Арманыма асығамын»

Құрмаш Маханов - «Кіршіксіз мұң»

 «Заман» тобы - «Қарақат көзің»

Қайрат Байекенов және «Формат» тобы - «Махаббат»

Ақылбек Жаңабаев - «Қазақпын»

Шахаризат Сейдахмет - «Желдірме»

«Жаңа есім» аталымы бойынша:

Саян Дембириел - «Ауылым»

Екатерина Сычевская - «Қазақстаным, алға!»

Лана Франческо - «Әлия».

Адриана Шевченко - «Алғашқы көктем»

Қайнар - «Астана аруы»

«Алдаспан» тобы - «Бозторғай».

Маржан Исаева - «Дәурен-ай»

Хабарламаларға жазылу