«Дала дауысы». «Жана есімде» кімнің бағы жанады? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Дала дауысы». «Жана есімде» кімнің бағы жанады?

15.10.2014
«Дала дауысы». «Жана есімде» кімнің бағы жанады?

Қазақ радиосының төл туындысы – «Дала дауысы» халықаралық радиофестиваліне «Жана есім» номинациясы бойынша қатысатын үміткерлерге дауыс беру жалғасуда. Бұл номинация бойынша 17 орындаушы бақ сынайды. Интернет пайдаланушылардың көп дауысына ие болған алғашқы бес үміткер ертең «Дала дауысы» радиофестивалінің күнделігінде (сағат 19:00-де) белгілі болып, олар финалға жолдама алмақ.

Айта кетейік, додаға Амангелді мен Зағыпран дуэті, Құралай Мұса, Қазбек Жексенов, Маржан Исаева, «Шамшырақ» дуэті сынды жас өнерпаздар қатысуда. Үміткерлерге www.daladauysy.kaztrk.kz сайты арқылы дауыс беруге болады.

Хабарламаларға жазылу