Астанада «Дала дауысы-2014» радиофестивалінің жеңімпаздарын салтанатты марапаттау кеші өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «Дала дауысы-2014» радиофестивалінің жеңімпаздарын салтанатты марапаттау кеші өтеді

28.11.2014
Астанада «Дала дауысы-2014» радиофестивалінің жеңімпаздарын салтанатты марапаттау кеші өтеді

28 қарашада Астанада III Халықаралық «Дала дауысы» радиофестивалінің гала-концерті өтеді. Қазақ радиосының төл жобасы осымен үшінші рет өткізіліп отыр.   Шарада «Дәстүрлі ән», «Академиялық орындаушы», «Эстрадалық ән», «Этноэстрадалық ән», «Жаңа есім» аталымдары бойынша бақ сынап, жеңімпаз атанған орындаушылар салтанатты түрде марапатталады.

Айта кетейік, 2012 жылы Қазақ радиосының бастамасымен «Дала дауысы» жобасы басталған болатын. Бұл – қазақ музыкасы арқылы ана тілімізді әлем халықтарының арасында барынша насихаттайтын радиофестиваль. Басты талап - қазақ әнін нақышына келтіре орындау. Сол себепті де осы аз ғана уақыт ішінде бұл жоба радиофестиваль шеңберінен асып, беделді музыкалық шеруге айналып отыр.

Кәсіби орындаушылар арасында аталмыш шараның жылдан-жылға беделі өсіп, шет елдік орындаушылардың қызығушылығын арттыруда. Өткен жылы «Дала дауысы» родиофестиваліне қатысуға отандық әншілермен қоса, Ресей, Түркия, Қытай, Моңғолия және Қырғыз Республикасынан да үміткерлер ниет білдірген болатын.

Ал, биыл радиофестивальге Қытай, Ресей, Украина, Беларусь, Татарстан, Қырғыз Республикасы, Латвиядан орындаушылар қатысты. «Дала дауысының» іріктеу турынан өткен әрбір шығарма Қазақ радиосының эфирі мен www.daladauysy.kaztrk.kz сайты арқылы тарады.

Осылайша, халықтың көңілінен шығып, 100 пайыз дауыс жинаған үздік орындаушы байқау финалына жолдама алды. Ал, ақтық сайыста «Дала дауысы» сыйлығының иегерлері 40 пайыз тыңдарманның дауыс беруімен, 40 пайыз мамандардың сараптауымен, 20 пайыз жоба ұйымдастырушыларының ұсынысы бойынша анықталады. Олардың есімдері III Халықаралық «Дала дауысы» радиофестивалінің гала-концертінде жарияланып, жеңімпаздар салтанатты түрде арнайы диплом және «Дала дауысы» сыйлығымен марапатталады.

Хабарламаларға жазылу