«Дала дауысы» радиофестивалінің жеңімпаздары анықталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Дала дауысы» радиофестивалінің жеңімпаздары анықталады

24.11.2014
«Дала дауысы» радиофестивалінің жеңімпаздары анықталады

28 қарашада Астана қалысындағы «ҚазМедиа» орталығының киноконцерт залында  ІІІ Халықаралық «Дала дауысы» радиофестивалінің жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтеді. Шарада «Эстрадалық ән», «Этноэтрадалық ән», «Дәстүрлі ән», «Жаңа есім», «Академиялық орындаушы» аталымдары бойынша топ жарған үздіктер анықталады.

Шараға қоғам қайраткерлері мен эстрада жұлдыздары шақырылған.

Айта кетейік, «Дала дауысының» Гала-концертіне қатысу үшін билет ұтып алуға мүмкіндік бар. Қазақ радиосының әуе толқынынан дүйсенбі-жұма аралығында сағат 13:05-те өтетін «Қас-қағым» радиоойынында шараға қатысу үшін билеттер ойнатылады. Қапы қалмаңыздар!

Хабарламаларға жазылу