«Әскери әндер» радиофестивалінің жеңімпаздары марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Әскери әндер» радиофестивалінің жеңімпаздары марапатталды

26.11.2014
«Әскери әндер» радиофестивалінің жеңімпаздары марапатталды

Шарада Қазақ радиосы мен «Шалқар» ұлттық арнасының эфирінде шырқалған үздік әскери әндер марапатталды.

Радиофестивальдің қорытындысы бойынша «Үздік ақын» аталымында Нұрлан Нұртазин жеңімпаз атанды. Жеңімпазға 300 мың теңге ақшалай сыйақы табысталды.

«Үздік орындаушы» аталымында Болатбек Қатықбаевтың «Сарбаздары Қазақтың» әнін орындаған Талғат Күзембаев топ жарса, «Арлан» тобының орындауындағы «Мәңгілік ел» әнін жазған Мақсат Жәутіков «Үздік композитор» атанды.

Ал, радиофестивальдің бас жүлдесі Құрмаш Маханның «Сарбаздар» әніне бұйырды. Орындағандар - Жұбаныш Жексенұлы, Құрмаш Махан және Дәурен Сейітжан.

Айта кетейік, радиофестиваль - ҚР Қорғаныс министрлігі мен «Қазақстан» РТРК» АҚ-ның бірлескен жобасы.

2014 жылдың 28 қаңтарында басталған байқауға 200-ге жуық ән қатысқан болатын. Соның ішінде 30 ән Қазақ радиосы мен «Шалқар» Ұлттық арнасының эфирінен өткен.

Арнайы құрылған көркемдік кеңестің шешімімен іріктеліп алынған 14 үздік ән Қазақ радиосының «Алтын қорында» сақталады.

Хабарламаларға жазылу