«Әскери әндер» радиофестиваліне 200-ге жуық ән ұсынылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Әскери әндер» радиофестиваліне 200-ге жуық ән ұсынылды

26.11.2014
«Әскери әндер» радиофестиваліне 200-ге жуық ән ұсынылды

ҚР Қорғаныс министрлігі мен «Қазақстан» РТРК» АҚ бірлескен жобасы – «Әскери әндер» радиофестиваліне бүгінге дейін 90-ға тарта ақын мен 80-ге жуық композитордың 198 музыкалық шығармасы редакция қоржынына келіп түсті. Байқаудың әндері арнайы құрылған көркемдік кеңестің сұрыптауынан өтті.

Байқаудың негізгі мақсаты – жас ұрпақты Отанына адал қызмет етіп, туған жерінің қадірін түсініп, мемлекетін қорғауға тәрбиелеу. Қарулы күштер әлемінен  сыр шертетін әскери сананы қалыптастыратын рухты жырларды көбейту.

«Қорытынды кешке «Жауынгер сөзі» атты әнім өткен екен. Әнін де, сөзін де өзім жаздым. Орындаушы – Нұржан Ахметбеков. Жалпы, «Жауынгер сөзі» жауынгердің монологы ретінде шыққан ән»,-дейді байқауға қатысушылардың бірі Жангелді Немеребай.

Байқау туралы толығырақ «Таңшолпаннан» біле аласыздар.

Хабарламаларға жазылу