«Әскери әндер» радиофестиваліне қатысыңыз! - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Әскери әндер» радиофестиваліне қатысыңыз!

18.05.2014
«Әскери әндер» радиофестиваліне қатысыңыз!
Елімізде ҚР Қорғаныс министрлігі мен «Қазақстан» РТРК» АҚ-на қарасты Қазақ радиосыныңбірлесуімен «Әскери әндер» республикалық радиофестивалі бастау алғанын бұдан бұрынхабарлағанбыз.
 
Жобаның  мақсаты – қазақтың әскери-патриоттық әндерін насихаттау, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу.
 
Фестиваль үш кезең негізінде жүзеге асатын болады. I кезең – 2014 жылдың 28 қаңтары мен 2014 жылдың мамыр айы аралығы болса, II кезең 2014 жылдың мамыр айынан – 2014 жылдың қараша айына дейін. Ал III кезең - 1 желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президенті күнінде гала концерт болады.
 
Байқаудың ережесіне сәйкес, «Әскери әндер» радиофестиваліне еліміздің әрбір азаматықатыса алады. Қатысушыларға қазақ халқының әскери-рухты әндерін, қазақ композиторларының әскери-патриоттық әндерін түрлі мәнерде орындауға мүмкіндік беріледі.

Хабарламаларға жазылу