Дәурен Сейітжан «Әскери әндер» радиофестиваліне жаңа ән ұсынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дәурен Сейітжан «Әскери әндер» радиофестиваліне жаңа ән ұсынды

17.05.2014
Дәурен Сейітжан «Әскери әндер» радиофестиваліне жаңа ән ұсынды
Әскери шерулерде тек махаббат туралы әндер айтылады, сонда бізде әскери-патриоттық әндер жоқ па деген пікірді жиі естіп жатамыз. Осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында еліміздің Қорғаныс министрлігі мен Қазақ радиосы «Әскери әндер»  радиофестивалін өткізіп жатыр.
 
Бүгінге дейін 30-дан аса ән қабылданған. Соның бірі - әнші Дәурен Сейітжан орындайтын «Сарбаздар» әні.
 
«Қазағымыздың әскери-патриоттық әндерін насихаттау мақсатында осы байқауға қатысуға ниет білдірдік. Жобадан соң үздік әндер іріктеліп, оны сарбаздарымыз орындап жүрсе, біз үшін үлкен мәртебе»,-дейді әнші.
 
«Сарбаздар» әнінің сөзін – Еділ Анықбай, әуенін – Халық Ризабек жазыпты. Бұл ән Отан алдындағы борышын өтеп жүрген сарбаздардың рухын көтеріп, елін, жерін сүюге үндейді.
 
Ән туралы толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз. 

Хабарламаларға жазылу