Бүгін «Әскери әндер» радиофестивалінің гала-концерті өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін «Әскери әндер» радиофестивалінің гала-концерті өтеді

26.11.2014
Бүгін «Әскери әндер» радиофестивалінің гала-концерті өтеді

Бүгін Астанадағы «Конгресс-Холл» сарайында республикалық «Әскери әндер» радиофестивалінің гала-концерті өтеді. Шарада Қазақ радиосы мен «Шалқар» ұлттық арнасының эфирінен өткен радиофестивальдің жеңімпаздары марапатталмақ. Атап айтқанда, «Үздік ақын», «Үздік композитор», «Үздік орындаушы», «Қазақ радиосы тыңдаушыларының таңдауы», «Отан туралы отты өлең», «Заманауи үздік ән», «Үздік лирикалық-патриоттық ән» аталымдары бойынша үздік шығармалар анықталады.

Айта кетейік, радиофестиваль - ҚР Қорғаныс министрлігі мен «Қазақстан» РТРК» АҚ-ның бірлескен жобасы.

Үздік әскери әндер Қазақ радиосының «Алтын қорында» сақталады.

Шара 19:00-де басталады. Кіру тегін. Қапы қалмаңыздар!

Хабарламаларға жазылу