«Астана - болашақтың энергиясы»  балалар радиофестивалінің гала-концерті өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Астана - болашақтың энергиясы»  балалар радиофестивалінің гала-концерті өтті

27.06.2017

«ЭКСПО-2017» көрмесінің Ұлттық күні сахнасында «Астана - болашақтың энергиясы» атты балалар радиофестивалінің гала-концерті өтті. Шығармашылық кешке 5 жастан 15 жасқа дейінгі жас дарындар қатысты. Өз өнерлерін ортаға салған балғындар  Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған. Олардың ішінде мүмкіндіктері шектеулі балалар және «Таңшолпан» балалар үйінің тәрбиеленушілері де бар. Астана аспанын әуелетіп, көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған балалар концерттен соң қазақстандық «Нұр Әлем» павильонын аралады.

 

Армангүл ТОҚТАМҰРАТ

Хабарламаларға жазылу