Бүгін – Міржақып Дулатұлының туған күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін – Міржақып Дулатұлының туған күні

25.11.2014
Бүгін – Міржақып Дулатұлының туған күні

«Алыстан Алаш десе аттанамын,

Қазақты қазақ десе мақтанамын,

Болғанда әкем – қазақ, анам – қазақ!

Мен неге қазақтықтан сақтанамын?!»

Ұлты үшін еміреніп, жұрты үшін тебіренген Міржақып Дулатұлының бар арманы азаттықтың ақ таңы еді. Ол қазақ жастарынан жалын күтті. Олар заманның заңғар шыңына ұмтылуына жол ашты. Алаш үшін арда туған асыл азаматтың бар өмірі Тәуелсіздік үшін күреспен өтті.

Міржақып небәрі екі жасында халыққа әншілігімен, асқан парасаттылығымен танылған. Жарқын жүзді, өр мінезді Дәмеш анасынан айырылады. 12 жасында әкесі Дулат қаза болады. бар панасы – ағасы Асқардың қолында өсіп, балалықпен ерте қоштасқан.

 «Міржақып Дулатовтың туған күні журналистердің мерекесі ретінде аталып өтілген. Себебі, өзіміздің Алаш баспасөзі тарихында кәсіби журналист деңгейіне көтерілген Міржақып Дулатұлы. Ол саналы ғұмырын журналистикаға арнады деуге болады»,-алаштанушы Қайрат Сақ.

Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу