Әскерилердің жауынгерлік әзірлігі тексерілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әскерилердің жауынгерлік әзірлігі тексерілді

21.11.2014
Әскерилердің жауынгерлік әзірлігі тексерілді

19 қарашаға қараған түнде Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас Қолбасшысы – Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бұйрығы бойынша Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов Қарулы Күштердің жауынгерлік әзірлігі мен жауынгерлік қабілетінің жай-күйіне тексеру жүргізді. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің ресми сайты хабарлайды.

Тексеру барысында «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскерлері, Аэроұтқыр әскерлер мен ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштері дабыл бойынша көтеріліп, жоспарланбаған аудандарға шығарылды.  Барлығы бұл іс-қимылдарға 3 мыңнан астам адам, 400 бірлік әскери техника және 36 авиациялық техника қатысты.

Әскердегі маневрлерді ҚР Қорғаныс министрі және Бас штабтың өкілдері бақылады. Полигондарда атыс және тактикалық-арнайы міндеттерді пысықтау жүргізілді. Бұл іс-шаралар командирлер мен штабтардың жауынгерлік әзірліктің жоғары деңгейлеріне келтіру, шоғырлану ауданына шығу кезіндегі іс-қимылдарына баға беру үшін өтуде.

«Қорғаныс министрлігі Жоғарғы Бас Қолбасшының тапсырмасы бойынша күтпеген тексерулерге негізделген түрлі іс-шаралардың үлкен кешенін өткізеді. Жоспардан тыс тексерулер бүгінгі таңда армияның жауынгерлік әзірлігін тексерудің ең тиімді әдісі болып отыр», - деді И. Тасмағамбетов. 

Хабарламаларға жазылу