Астанада «Smart Astana - 2014» IV конференциясы өтеді

17.11.2014
Астанада «Smart Astana - 2014» IV конференциясы өтеді

19 қарашада Астана қаласының әкімдігі мен «Астана Innovations» АҚ ұйымдастыруымен «Smart Astana - 2014» IV конференциясы өтеді.  Конференция «Смарт Астана» жобасының жол картасы мен Астана қаласының әлемнің 50 «ақылды» қалаларының рейтингіне енуі жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітілгеніне орайластырылған.

Конференция «Smart Astana» - дамудың келешегі мен беталысы», «Қауіпсіз Астана», «ЕХРО-2017» - тиімді инновациялық инфрақұрылым және «Астана – дамытылған технологиялар қаласы» сияқты сессиялар бойынша өтеді.

Жыл сайын өткізілетін «Smart Astana» конференциясы елорда тұрғындары мен қонақтарына сапалы қызмет көрсетуді арттырудың өзекті тақырыптарын талқылау, қаланың ғаламдық бәсекелестікке қабілеттілігін арттыру және инвестицияларды тарту, әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту үшін Астана қаласының бейнесін жақсартуға арналған тұрақты әрекеттегі алаң құруға бағытталған.

Хабарламаларға жазылу