Ауыр атлетика. Бүгін Илья Ильин мен Анна Нұрмұхамбетова шығады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауыр атлетика. Бүгін Илья Ильин мен Анна Нұрмұхамбетова шығады

15.11.2014
Ауыр атлетика. Бүгін Илья Ильин мен Анна Нұрмұхамбетова шығады

Бүгін, 15-қарашада, әйелдер арасында 75 келі салмақ дәрежесіндегі «А» тобындағы жарыс сағат 16:00-де басталады. Бұл салмақта Қазақстан атынан Анна Нұрмұхамбетова шығады. Айта кетейік, осы сайысқа тағы бір қазақстандық зілтемірші Светлана Подобедова жарақатына байланысты қатыспайды.

Ал кешкі 19:00-де 105 келі салмақ дәрежесіндегі ерлер арасындағы «A» тобының жарысы өтеді. Бұл сайыста Қазақстан атынан екі дүркін Олимпиада чемпионы Илья Ильин қатысады.

Еске сала кетейік, Алматыда өтіп жатқан ауыр атлетикадан Әлем чемпионатын «KAZsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Хабарламаларға жазылу