Жасұлан Қыдырбаев – Әлем чемпионы, Владимир Седов – күміс жүлде иеленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жасұлан Қыдырбаев – Әлем чемпионы, Владимир Седов – күміс жүлде иеленді

14.11.2014
Жасұлан Қыдырбаев – Әлем чемпионы, Владимир Седов – күміс жүлде иеленді

Қазақстандық Жасұлан Қыдырбаев қоссайыс қорытындысы бойынша 408 келі көтеріп, Әлем чемпионы атанды. Ал, одан 1 келі аз көтерген тағы бір отандасымыз Владимир Седов күміс медаль иеленді. Үшінші орынға 399 келі көтерген литвалық Ауримас Дидзбалис табан тіреді.

Ауыр атлетика. Әлем чемпионаты. Алматы. Ерлер. 94 келі. «А» тобы:

1. Жасұлан Қыдырбаев (Қазақстан) — 408 (179+229) келі
2. Владимир Седов (Қазақстан) — 407 (188+219) келі
3. Ауримас Дидзбалис (Литва) — 399 (185+214) келі.

Еске сала кетейік, ертең жарыс жолына Анна Нұрмұхамбетова (75 келі) сағат 16:00-де, ал Илья Ильин (105 келі) сағат 19:00-де шығады.

Жарысты «KAZsport» телеарнасы тікелей эфирден көрсетеді.

Хабарламаларға жазылу