Бүгін Қарағандыдағы С.Сейфуллин атындағы облыстық қазақ драма театрында ақын Қойлыбай Асановтың «Бозторғай өлең - боз дала» атты шығармашылық кеші өтті.
Қаламгердің 50 жылдық мерейтойына арналған кешті ақын Аманжол Әлтаев жүргізді.
Шараға облыс әкімінің бірінші орынбасары Жандос Әбішев қатысып, құттықтау сөз сөйледі.
Сондай-ақ, Жазушылар одағы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Жайлыбай, ақын Серік Ақсұңқарұлы, айтыскер ақын, жазушы, өнер зерттеушісі Баянғали Әлімжанов қатысып, арнау өлеңдерін оқыды.
Жаңаарқа ауданының әкімі Ғабдрахман Омаров Қойлыбай Асановқа ауданның «Құрметті азаматы» атағын табыстап, төсбелгі тақты.
Шара аясында қаламгердің «Құба таң, құлын дүние» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Кеште әнші Сержан Құсайынов пен Дәурен Әркеновтің орындауында ақынның сөзіне жазылған әндер орындалды.